Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының төрағасы және депутаты жемқорлыққа күдікті. Бұл туралы “Астарлы ақиқат” ақпарат агенттігі жариялады, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының төрағасы мен депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Мәслихат төрағасы, онымен аффилиирленген фирманың жергілікті мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік сатып алу шарттарының талаптарын орындамауына байланысты аудит барысында анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қолданбағаны үшін депутат арқылы облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне 2 млн теңге сомасында пара берді деп айыпталуда.

Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында қадағалаушы прокуратура айыпталушыларды сотқа берді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қостанай облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *