Сот шешімімен Қазақстан Республикасының азаматы 06.05.1983 жылы туған Садвақасов Тимур Хабдуллаұлына іздеу жарияланды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат»ақпарат агенттігі жариялады, ҚР қаржы мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Ол аса ірі көлемде қылмыстық іс қозғау мәселесін оң шешу үшін мемлекеттік қызметшілерге пара беруге үгіттегені және алаяқтық жасады деп күдіктелуде.
Атап айтқанда, “Тиолайн” ЖШС-ін басқарған кезеңде Долгалев В.И. пен басқа да құрылтайшылар арасында “Обуховское” кен орнына қатысу үлесі мен оның табысын бөлуге байланысты келіспеушіліктер туындаған, олар сот арқылы шешілген.
Өз кезегінде Долгалев В.И. Садвақасов Т.Х. арқылы құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларын белгілі бір компания құрылтайшыларына қарсы қылмыстық іс қозғау үшін пара беріп сатып алуға тырысты. Бұл олардың заңды талаптарынан бас тартуына және оларға қысым көрсетуге бағытталған әрекет болды.
Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚМА департаменті “Тиолайн” ЖШС-нің “Обуховское” кен орнында өз бетінше пайдалы қазбалар өндіру дерегі бойынша тергеуді аяқтады.
Қазіргі уақытта іс сотта қаралуда.
Осыған байланысты Садвақасов Т.Х. бастапқыда шығарылған ақтау үкімінің күші жойылғаннан кейін соттан жасырынды.
Садвақасов Т.Х.-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Егер іздеуде жүрген азаматтың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса, СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментіне келесі телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз:
+7-7152-46-98-18 – кезекші бөлім және Call-center: 1458. Анонимділік пен сыйақы кепілдендірілген!- деп мәлімденген ресми мәліметте.

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *