Білім бөлімі басшысы болған «киллер», және бөлім басшылары сотталуда. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының судьясы А.Утемисов төрағалығында , Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен айыпталып сотқа берілген А.Е., Т.Ж.,  Т.С., М.П, Ж.Н., Қ.А. Т.Ж және Сарыағаш аудандық білім бөлімі басшысы Дәулет Акатов және бұрында Сарыағаш аудандық білім бөлімі басшысы болған кезде, журналисті атып өлтіруге тапсырыс беріп сотталған Бауыржан Майриховқа қатысты және ҚР ҚК-нің 189- бабы 3- бөлігі 1), 2) тармақтарымен айыпталып сотқа берілген У.Н. оған қоса ҚР ҚК-нің 189 бабы 3- бөлігі 1 тармағымен айыпталып жатқан У.Г.С. ға қатысты сот отырысы жалғасуда.

Дәулет Акатов
Дәулет Акатов

PS: Естеріңізде болса 2022 жылы 3 қаңтар күні  Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы болған Бауыржан Майрихов өзінің көмекшісіне 5 000 000 теңге беріп журналист Амангелді Батырбековтің көзін жоюды тапсырған.

Бауыржан Майрихов
Бауыржан Майрихов

Алайда атылған оқ журналистің баласына тиіп, алған жарақатынан сауығып аман қалған.  Осындай қастандыққа барып аса ауыр қылмыс жасаған бұрынғы білім бөлімінің басшысы Б. Майрихов 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал оның тапсырыс алған сыбайластары  3 адам 10 және 13 жыл жаза алса, оқ атқан адам 12,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

 

Ал Келес ауданы сотының судьясы Ботабеквотың төрағалығында,   Қазығұрт ауданының білім бөлімі басшысы  Бақтияр Абдиевте соттың алдында  жауап беріп жатыр.

Бақтияр Абдиев
Бақтияр Абдиев

Б. Абдиев және Б.С., С.М.,  А.А., Е.А., А.А., Б.А. Г.С., Ж.Т.К.М- ге қатысты ҚРҚК-нің 189-бабы 4-бөлігімен айыпталып жатыр. Ал А.М., Г.К., Г.О., З.А., Н.Е., Р.С., Т.А. ларға қатысты ҚР ҚК-нің 189 бабы 3- бөлігімен айып тағылған білім саласының қызметкерлері сот алдында жауап еріп жатыр. егер кінәлері дәлелденсе оларды ауыр жаза күтіп тұр.

 

Түркістан облысының білім басқармасы  басшысы Галымжан Джумашевта, Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандрылған ауданаралық сотының судьясы С.У. Темиралиевтің төрағалығыында, ҚР ҚК-нің 366- бабының 4- бөлігі, 190- бабының 3- бөлігі 1,2,4, тармақтары, 190- бабының 4- бөлігі 2 тармағы, 28- бабының 4- бөлігі, 367- бабының 3- бөлігі, 2,3 тармақтары, 24- бабы 3- бөлігі, 28 бабының  4- бөлігі, 367 бабының 2,3 тармақтарында, 2018 бабының 3- бөлігі 3 тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасады деп айып тағылып сот басталды.

Ғалымжан Джумашев
Ғалымжан Джумашев

Ал  ҚР ҚК-нің 190- бабы 3 бөлігі 1,2 тармақтары мен айыпталып тағылған  Т.Н. және Г. Джумашев екеуі соттың алдында жауап беруде.

 

Сот үкімі жарияланып, ол заңды күшіне енгенге дейін бұлардың ешқайсысы айыпты деп саналмайды.

Сардар Әбдіжақия

Түркістан облысы

 

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *