Погондылардың ісі сотқа жетті. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

2024 жылдың 9- қыркүйек айында Шымкент қаласы полиция департаментінде лауазымды тұлғаларға қатысты ақпарат таралған болатын. Аталған ақпаратта, Шымкент қалалық полиция департаменті қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бастығы, полиция полковнигі Бақтияр Баянов пен полиция аға лейтенанты Қуаныш Абдалин, мемлекетке келтірілген  370 миллион теңге зиянға қатысты күдікке ілінген болатын.

 

Аталған жағдайдан кейін сол уақытта Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы болған Думан Таев қызметінен кеткен болатын.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудан аралық сотында судья  С.У.Темиралиев төрағалығында   погондыларға қатысты қылмыстық іс  бойынша, қылмыстық  іс сотқа жеткізілді.

ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағында, 367-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен айыпталған К. Т.,  ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағында, 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен айыпталған Баянов Бактияр Сабденовичке, Абдалин Куаныш Бауыржанулына, ҚР ҚК-нің 371-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгісімен айыпталған Кабылов Канагат Кабыловичке қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауын алқабилердің қатысуынсыз,  Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратына сот мәжілісі залына сот басталды.

Енді сот, бұл істің ақ-қарасын ажыратып, түпкілікті шешім қабылдатанатын болады

Сот актісі қабылданып, заңды күшіне енгенге дейін олар кінәлі деп саналмайды.

Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *