Сардар Әбдіжақияның айтуынша, Қазақстан Республикасының азамат (ша)ларының жеке бас деректерін, әсіресе ЖСН номерін таратуға, оны ғаламтормен әлеуметтік желілерге жариялауға, басқа бір адамға беруге рұқсат етілмейді. Ол аталған жеке тұлғаның Конституциялық құқықтары өрескел бұзылғаны болып саналады.ҚР Азаматтық кодексi 144-бабында жеке бастың құпиясын сақтау құқығы нақты жазылған. Аталған бапта;1. Азаматтың жеке өмір құпиясын, оның ішінде хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, интимдік өмір, бала асырап алу, туу құпиясын, адвокаттық құпияны, медицина қызметкерінің, банк салымдарының құпиясын және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны қорғауға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей белгіленген жағдайларда ғана жеке өмір құпиясын ашуға болады.
2. Күнделiктердi, жазбаларды, естелiктердi және басқа құжаттарды жариялауға — олардың авторының келiсiмiмен, ал хаттарды олардың авторы мен алысушысының келiсiмiмен ғана жариялауға жол берiледi. Олардың қайсыбiрi қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында қалған жұбайының және балаларының келiсiмiмен жариялануы мүмкiн-делінген. Енді аталған ақпаратта көрсетілген ЖСН номерін алаяқтар пайдаланып кетсе, онда Ернар Макажановқа барып сұрасын— деп сөзін тәмамдады.
