М.Мақатаевты «қорлаған» блогердің соты басталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Елге ерен еңбегі сіңген қазақтың лирик ақыны, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын Мұқағали Мақатаевты жазған өлеңін кекетіп бейнежазба түсірген блогер Алишер Теменді, ақын атамыздың перзенттері сотқа берген.Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотына Жұлдыз Макатаев,  А.Теменді Қазақстан Республикасының ҚК-нің 131-бабы 2-бөлігімен жеке айыптауы бойынша жеке шағым түсірген.

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының судьясы Бейнегуль Муфталовна Кайсина, аталған шағымды қарап қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдаған.

Естеріңізде болса, блогер Алишер Темен 2024 жылы, Мұқағалы Мақатаевтың өлеңін мазақтап бейнежазба түсіріп тиктокта таратқаны қоғамның ашуына тиген болатын. Ол оқиғаға байланысты ақын атамыздың балалары кешірім берген жоқ.

Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9 жұлдызында тойланады. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері — Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Мұқағалидің әкесі 1941жылы Калиниград майданында қаза табады.

Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған.

Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.

Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді әже, шырағың», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған.

Ақынның туған ауданында бір орта мектеп, Алматы қаласында көше және гимназия оның есімімен аталады.

Ол 1976 жылдың 27 наурызында Алматыда дүниеден өткен.

Алматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *