Баланың басын растворға тығып азаптаған. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Біздің республикалық «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігіне баласын азаптаған адам бірінші сот сатысында 4 жылға бас бостандығынан айырылып, апелляциялық сотта аталған азаматтың жазасын жеңілдететін басқа бапқа  ауыстырылуының арқасында, бостандыққа жіберілгенін айтып, баланы туған әкесі Достияр Шопанбаев  шағым айтып, араша түсуімізді сұрап келді.

Балам деп жан еті ауырған әке, орын алған жағдайды төмендегідей баяндады. Оның айтуынша, Жуалы ауданында, бұрынғы некеде болған  әйелі,  сол уақытта Гулмира Маденова Жуалы аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы лауазымында қызмет атқарған.  Баласы мектепке келмей, баласына тіпті баға қойылмай соңында өгей әкесінен жәбір көрген баласы үйінен қашып кеткен. Баланың туған әкесі Достияр Шопанбаев баласын жоғалғанын естіп іздеуге кіріскен. Полицияға арыз беріп соңында баласын қойшылардың көмегімен үйінен кетіп қалған баласын сайдан тауып полицейлерді шақырған. Аталған дерек бойынша құзырлы органдар қылмыстық іс тіркеп, ҚР ҚК-нің 110- бабы 2- бөлігі 1 тармағы мен сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдарын жүргізіп қылмыстық істі аудандық сотқа жолдаған.

Жуалы аудандық сотының судьясы Б. Абуев, аталған қылмыстық іс бойынша баланың өгей әкесі Г. Есімді азаматты кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Жуалы аудандық сотында жоғарыда айтылған айтылымдар анықталғаны белгілі болған. Бірінші сот сатысындағы сот үкімінің анықтау бөлігінде, оның ішінде сол жақ құлағының , мойнының, екі аяқ-қолының денесінің сыдырылуы, сол қолының көгеруі түріндегі дене жарақаттары бар екендігі көрсетілген.

Алайда сотталушы яғни баланың өгей әкесі Г есімді азамат, жәбірленуші кәмелет жасына толмаған А-ға қатысты физикалық және психикалық күш көрсетіп, қадір-қасиетіне қатыгездікпен, дөрекілікпен қарап, оны қорлап жәбірлегені көрсетілген.

Баланың өгей әкесі Г. Есімді азамат, 2022-2024 жыл аралығында жәбірленуші, кәмелетке толмаған А-ның тағам қабылдауын шектеу үшін ас бөлменің есігін құлыптап, баланың қалыпты тамақтану құқығын шектеген. Кәмелетке толмаған бала тамақ жеу табиғи қажеттілігін ас бөлмеге терезе арқылы тығылып кіруге мәжбүр болған. Өгей әкесі кәмелетке толмаған баланы еркін өсіп-жетіліуіне, қалыпты бала шақтағы  құқықтарын жүзеге асыруға жол бермей, оны құрдастары мен қарым-қатынас жасау, тіпті мектептен білім алу құқығын шектеген.

Сот ұсынылған дәлелдемелермен куәләрдің жауабы жаға ұстатарлық дәрежеде.

Баланың өгей әкесін қорғаған қорғаушылары Жамбыл облыстық сотына апелляциялық шағым түсірген.

2023 жылы 3- шілде күні Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.М.Абидов, судьялар А.Б. Бексултанова және С.Н. Төлесбай, кәмелетке толмаған А есімді азаматтың өгей әкесі Г. есімді  азаматты, ҚР ҚК-нің 110 бабы 2- бөлігі 1- тармағын ҚР ҚК-нің 109-1- бабының 2- бөлігі 3), 7) және 8) тармақтарымен саралансын. Сотталушы Г 100 сағатқа қоғамды жұмыстарға тартылсын. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖК «№67» мекемесінен күзетілуден дереу босатылсын- деп қара қылды қақ жарғандай қаулы еткен.

Баланың туға әкесі Достияр Шопанбаев, әлеуметтік желелірде блогерсымақтар,  баласының өгей әкесі облыстық сотта ақталғаны туралы жазып жатқанына қапаланды. Оның айтуынша бұрынғы әйелі Гулмира Маденова қазіргі таңда Жуалы аудандық білім бөлімінде жұмыс жасайтынын, оған қатысты сот жеке қаулы шығарып шара көру үшін полицияға жолдған. Алайда полиция қызметкерлері шарасыз һәлде осы бүгінге дейін шара көрмей жатқанын жеткізді.

Айта кету керек сотталған өгей әке қамау жазасынан босатылғанмен ол ақталмаған.

Баласы үшін араша сұрап келген әке Достияр Шопанбаев, біз «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі арқылы ҚР Жоғарғы сотының төрағасы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Үкімет басшыларынан араша сұрауда.

Жалғасы бар

Сардар Әбдіжақия

Жамбыл облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *