Шерхан Қалмырза – жаңа көліктің иесі

Футболсүйер қауым да, тіпті футболдан алыс жандар да бүгінде жас дарын Шерхан Қалмырзаны жақсы тани бастады. Оның аты да, бейнесі де көпшілікке жақсы таныс болып үлгерді.

Жақында ғана әлемнің ең атақты клубтарының бірі – испаниялық «Реал Мадридке» қарсы ойында 5 гол жібергеніне қарамастан, ел тұрғындарының пікірі мен ықыласы жас қақпашының батылдығы мен талпынысына ерекше құрметпен қарады.

Бүгін әлеуметтік желілерде кәсіпкер Ұлықбек Шәріповтің қазақстандық спортшыға су жаңа Exeed маркалы автокөлік сыйға тартқан сәтінен бейнеролик тарады. Бұл оқиға көпшіліктің көңілін қуантты.

Жас спортшыға деген қолдау – ел футболының дамуына деген сенімнің, жас буынға артылған зор жауапкершіліктің белгісі.

Еділ Елібай

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *