Халық арасында жүрген Жасур, халық қалаулысы болуға лайық!

Тағдыр тәлкегінен тыным білмеген, ата-анасынан жастай айырылған  азамат, бүгін халық арасында өзіндік орны бар,  өзінің бүгінгі таңда журналист болып , халықтың мұң-мұқтажын жазып жүрген жігіт, Түркістан қаласы маслихат депутаттығына үміткер.

Әділетті Қазақстанды бірге орнатайық деген Жұмабай Жасур Нұрханұлы, 1993 жылы киелі Түркітан қаласында дүние есігін ашқан. Білімі жоғары мамандығы заңгер. Өмірідің сынақтарына жастайынан шыдауға мәжбүр болған жігіт 5 жасында әкесінен, 7 жасында анасынан айырылған.

Бүгінгі таңда Жұмабай Жасур, Түркістан қаласында, Жемқорлықққа қарсы халықтық комитеттің Түркістан облысындағы өкілі болып жұмыс жасап жүр.

Сайлау алды бағдарламасында ол:

Әділетсіздікпен күресі

Құқық қорғау органдарының заң бұзушылықтары мен күресу

Сыбайлас жемқорлықпен күресу

Заңсыз тендер алып, сапасыз жұмыс жасап, мемлекет қаражатын талан- таражға салушылармен күресуді жөн деп санапты.

Бағдарламасының негізгі бағыттары:

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту

Әділдікпен ашықтық орнату

Жастарды қолдау және жаңа  жұмыс орындарын ашу

Қолжетімді баспана, сапалы білім мен медицина

Қала инфрақұрылымын дамыту және жайлы орта қалыптастыру

Мемлекеттік органдардан заңсыз зардап шеккендерге көмек беру

 

 ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

МЕН СІЗДЕРДІҢ СЕНІМДЕРІҢІЗДІ АҚТАП, ТҮРКІСТАННЫҢ ДАМУЫНА БАР КҮШ-ЖІГЕРІМДІ ЖҰМСАЙМЫН. ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМДЫ – БІРГЕ ҚҰРАЙЫҚ!- дейті үміткер Жұмабай Жасур Нұрханұлы

 

Жастардың мандатты мақтаныш емес, халыққа қызмет дегені көңілге қонарлық. Мен өз басым осында ер азаматтарымыздың ел ағасы болып, халықтың қамын жейцтін азаматтарға дауыс беремін.

Сардар Әбдіжақия

Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *