ТЖМ басшысы авиациялық техникаларын көзден кешірді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов ТЖМ авиациялық техникасының жай-күйін қарады.

Өрт сөндіру, санитарлық авиация желісі бойынша науқастарды тасымалдау, сондай-ақ таулы және жетуі қиын аймақтарда зардап шеккендерді эвакуациялау кезінде қолданылатын тікұшақтарға ерекше назар аударылды.

«ТЖМ авиациясы күн сайын адамдардың өмірін құтқарады. Біздің экипаждар күрделі жағдайларда – өрт, су тасқыны немесе таулы жерлерден зардап шеккендерді эвакуациялау кезінде қызмет атқарады. Бұл әуе техникалары жетуі қиын аймақтарға тез арада жетіп, адамдарды медициналық мекемелерге жеткізуге мүмкіндік береді», — деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

Министр әуе техникасы төтенше жағдайларға ден қою жүйесінде шешуші рөл атқаратындықтан, авиациялық паркті дамыту ведомствоның басым бағыты болып қала беретінін атап өтті.

Жыл басынан бері ТЖМ авиациясының күшімен 400 адам тасымалданып эвакуацияланды.

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *