“Қол астындағы қызметкерді қорқытқан”: Қорғаныс министрлігі даулы видеоға байланысты тексеріс бастады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады
Әлеуметтік желілерде бірнеше әскери қызметкер қатысқан онлайн-жиналыстың бейнежазбасы тарады. Видео авторларының айтуынша, оқиға Қызылорда облысында болған.
Кадрларда жергілікті әскери бөлім басшысының өз қарамағындағы қызметкерге дөрекі сөйлеп, сөгіс жариялаған сәті түсірілген. Бұл әрекет этикалық нормаларды бұзуға жатады деп бағалануда.
Қорғаныс министрлігі аталған жағдайды растады. Ведомствоның мәліметінше, видео 2025 жылдың 9 маусымында түсірілген.
“Бұл факт бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға берілетін болады”, — делінген министрліктің ресми хабарламасында.
![]()
