Жамбыл облысында Әділет департаменті басшысының орынбасары ұсталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат ақпарат aгентіггі» жариялады, Pro Kadry KZ парақшасына сілтеме жасап. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті өңірлік әділет департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Шамгуновты ұстаған.
Ол жеке сот орындаушыларынан жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінген.
Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдікке ілінген шенеуніктің қанша көлемде пара алғаны әзірге белгісіз.
Жамбыл облысы
![]()
