Шымкент қаласында есірткі бизнесімен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады
2023–2024 жылдар аралығында «А» есімді азаматтың басшылығымен әрекет еткен топ «Telegram» желісі арқылы аса ірі көлемде психотроптық заттарды заңсыз дайындап, сақтап және сатқан.
Тергеу барысында олардың Шымкент қаласында есірткі зертханаларын ашып, прекурсорларды пайдалану арқылы есірткі өндірумен айналысқаны анықталды.
Арнайы операция кезінде топтың төрт мүшесі ұсталып, олардан 3 келіден астам психотроптық зат, зертхана құралдары және ақша тәркіленді.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі үкімімен айыпталушылар қылмыстық топ құру және оған қатысу, сондай-ақ аса ірі көлемде есірткі заттарын сату, дайындау, өңдеу және сақтау, қылмыстық жолмен келген мүлікті заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен олар 10 жылдан 15 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылды.
![]()
