Жұмыстан заңсыз босатылған ұстаз өз орнына оралды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
2024 жылғы Жуалы аудандық білім бөлімінің «№6 А.Пушкин атындағы орта мектебі»-нің мұғалімі Айгерим Асубаевна Козыбекованы мектеп директоры С. Жумаханова заңсыз жұмыстан шығарып жебірген болатын.
Аталған мектепте жұмыс жасайтын Айгерім Асубаевна, өзінің мектеп директоры тарапынан қысымға ұшырағанын айтып, қудалау салдарынан бір қаншама тәртіптік шаралар алып, соңында жұмыстан босатылған соң, педагог сотқа жүгінеді. Сот отырысы, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое кентіне тағайындалып, судья А.А.Байжуменованың өндірісінде сот талқылауы болып өтеді.
Талап қоюшы Козыбекова Айгерим Асубаевнаның жауапкер «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№6 А.Пушкин атындағы орта мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесне тәртіптік жаза және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың күшін жою, бұрыңғы жұмысына қайта орналастыру және лажсыз бос жүрген уақытқа еңбекақы өндіру туралы, моральдіқ зиянды өндіру туралы келтірген талап қоюды ішінары қанағаттандырылсын. Жуалы аудандық білім бөлімінің ««№6 А.Пушкин атындағы орта мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінің 19.03.2024 жылғы №18 санды бұйрығы және Жуалы аудандық білім бөлімінің ««№6 А.Пушкин атындағы орта мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінің 20.05.2024 жылғы №43 санды бұйрықтарының күші жойылсын. Талап қоюшы Айгерим Асубаевна Козыбекова Жуалы аудандық білім бөлімінің ««№6 А.Пушкин атындағы орта мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінің бұрынғы информатика пәні мұғалімі лауазымына қайта орналастырылсын — деп Глубокое кенті судья А.А.Байжуменованың шешім шығарады.
Бұл шешіммен келіспеген №6 А.Пушкин атындағы орта мектебінің экс- директоры Салтанат Жумаханова апелляциялық шағым береді.
Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында төрағалық етуші судья А.А.Танекенова, судьялар К.С.Манакаева, Л.Б.Мамырбаева, 2024 жылғы 24 қазандағы шешіміне жауапкердің апелляциялық шағымымен түскен электронды азаматтық істі қарап,
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық сотының 2024 жылғы 24 қазандағы шешімі өзгеріссіз, жауапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын- деп қаулы қабылдайды.

№6 А.Пушкин атындағы орта мектебінің директоры болған Салтанат Жумаханованың экс-директор деп атауымыздық себебі, ол бүгінгі таңда аталған мектептегі лауазымдық қызметінен айырылған. Ол өзінің қызметінен босатылып, жұмыс беруші Жуалы аудандық білім бөлімі мен келісім шарт тоқтатылған.

Сардар Әбдіжақия
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *