СУДЬЯ: Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары лауазымына қайта орналастырылсын. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің № 4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, сол мектептегі оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Куляш Узаққызы Алимкулованы заңсы қызметтен қуған.
Куляш Узаққызы Алимкулова, директордың 2025 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығына сәйкес 52баптың 1-тармағы 14) тармақшасын бұзғаны үшін тәрбиелеу функцияларын атқаратын жұмыскер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар жасаған деп жұмыстан босату туралы бұйрығын даулап сотқа жүгінген. Сот Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотында судья Қ.Е.Әбішев төрағалығында қаралды.
2025 жылғы 27 тамыз күні Куляш Узаққызы Алимкулованың «жұмыстан шығару туралы бұйрықты заңсыз деп тану және жұмысқа қайта алу туралы»,
«Мәжбүрлі түрде болмаған кезендегі жалақыны өндіріп алу туралы» арызы бойынша азаматтық істі қарап:
«Куляш Узаққызы Алимкулованың «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарсы бұйрықты заңсыз деп тану, бұйрықты жою, жұмысқа қайта орналастыру және мәжбүрлі түрде болмаған уақыттағы еңбекақыны өндіру туралы талабы ішінара қанағаттандырылсын.
Куляш Узаққызы Алимкуловамен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасымен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабы 1тармағы 14) тармақшасына сәйкес, тәрбиелік функцияларды орындайтын қызметкердің атқарып отырған жұмысына сай келмейтін әдепсіз қылық жасағаны үшін бұзуды көздейтін, 2025 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрық заңсыз деп танылсын және жойылсын.
Куляш Узаққызы Алимкулова «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары лауазымына қайта орналастырылсын»-деп шешім қабылдады.
Айта кету керек, бүгінгі таңда №4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебінің директоры қызметінен босатылған.
Сардар Әбдіжақия
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы
![]()
