Бұйрықтары заңсыз деп танылып, күші жойылсын- судья. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады
«№4-ші Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебінің экс директоры, тарих пәнінің мұғалімі Асемова Гулнар Турсумбаевнаны заңсыз жұмыстан босатқан.
Мұғалім Гулнар Әсемова, «№4-ші Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №264 бұйрығын заңсыз деп тануды, 2025 жылғы 27 қаңтардағы №30 санды «№264 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрығын заңсыз деп тануды , бұрыңғы жұмысына қайта орналастырып, мәжбүрлі түрде бос жүрген уақыты үшін орташа жалақыны өндіру туралы және моральдық зиян сомасын өндіру турал Жуалы аудандық сотына шағым түсірді.
Талап қоюшы Асемова Гулнар Турсумбаевнаның жауапкер «№4-ші Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №264 бұйрығын, 2025 жылғы 27 қаңтардағы №30 санды «№264 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтарын заңсыз деп танып, бұзу туралы, бұрыңғы жұмысына қайта орналастырып, мәжбүрлі түрде бос жүрген уақыты үшін орташа жалақыны өндіру туралы, моральдық зиян сомасын өндіру туралы талаптары ішінара қаңағаттандырылсын.
«№4-ші Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №264 санды Г.А.Асемованы 2024 жылғы 31 желтоқсаннан бастап, еңбек шарты тоқтатылып, жұмыстан босату туралы бұйрығы, 2025 жылғы 27 қаңтардағы №30 санды «№264 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтары заңсыз деп танылып, күші жойылсын.
Асемова Гулнар Турсумбаевна «№4-ші Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тарих пәні мұғалімі қызметіне қайта орналастырылсын.
«№4-ші Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен талап қоюшы Асемова Гулнар Турсумбаевнаның пайдасына 2024 жылдың 31 желтоқсанынан 2025 жылғы 12 мамыр аралығындағы мәжбүрлі түрде бос жүрген уақыты үшін орташа жалақысы барлығы 2 100 328 (екі миллион бір жүз мың үш жүз жиырма сегіз) теңге сомасы өндірілсін.
«№4-ші Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен талап қоюшы Асемова Гулнар Турсумбаевнаның пайдасына келтірілген моральдық зиян сомасы 100 000 (бір жүз мың) тенге, мемлекеттік баж сомасы 1 966 (бір мың тоғыз жүз алпыс алты) теңге, 250 000 (екі жүз елу мың) теңге көлемінде өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығын сомалары өндірілсін.
Талап қоюдың қалған бөлігінде қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Жұмысқа қайта орналастыру және қызметкерге жалақыны өндіру туралы шешім дереу орындалуға жолдансын-деп, Жуалы аудандық сотының судьясы Б.Абуев шешім қабылдады
Айта кету керек, аталған мектептің директоры бүгінгі таңда қызметінен босатылған.
Сардар Әбдіжақия
Жамбыл облысы Жуалы ауданы
![]()
