Екі погонды екі жүлде арқалады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады
Бүгін, Қызылорда облысы полиция департаментінің басшысы Серік Ергешов,  қоян-қолтық ұрыстан жүлдемен оралған қызметкерлерді қабылдап, жеңістерімен құттықтады.
Жуырда 25-28 қыркүйек аралығында Ақмола облысында өткен белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының полиция аға лейтенанты Оразбай Арайлым жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орын иеленді.
Сонымен қатар 12-21 қыркүйек аралығында Алматы облысында өткізілген «Ақ бидай» Республикалық VII ауыл спорты ойындарында қазақ күресінен Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Серік Ақылбек Болатұлы 90 кг салмақ дәрежесінде 3 – орынды иеленді.
Қиындығы мол қызметі мен спортты қатар алып жүрген қызметкерлерімізді кезекті жеңістерімен құттықтап, биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдіремін- деді департамент басшысы.
Қызылорда обылысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *