Өрт сөндірушілер екі көлікті құтқарып, газ баллонының жарылуына жол бермеді. Бұл туралы«Астарлы ақиқат ақпарат агентіггі» жариялады
Бүгін Ақмола облысының Степногорск қаласында жеке емхана аумағында жеке тұрған гараж өртенді.
Шақыру орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жанып жатқан гараждың ішінен екі көлікті шығарып алды. Және де газ баллоның алып шығып, жарылыстың алдын алды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.
Өрт 20 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
![]()
