«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ БҮГІН ХАЛЫҚТЫҢ КӨКЕЙІНДЕГІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРДІ. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Түркістан- Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасына сілтеме жасап.
Бүгін Республика бойлап, барлық облыстармен қалалар, кенттер, ауданмен ауылдарда, «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық әлеуметтік акциясы өткізілді. Көптеген қазақстандықтардың қолдауына ие болған бұл акция, жылдар бойы дәстүрге айналып келеді.
«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» акциясының басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету болып табылады.
Кезектегі өткізілген республикалық әлеуметтік акцияға құқық қорғау органдарының басшылары, заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік орган өкілдері тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, заң тұрғысынан өз кеңестерін ұсынды.
А. Оракбаева басшылық ететін Түркістан- Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының білікті заңгерлері облысты түгелдей қамтып, келген адамдарды қабылдады, сұрақтарына жауап берді, түйткілді мәселелердің түйіні тарқатылды.
Түркістан облысы
![]()
