«ҚАЖЫЛЫҚ-2026» құжатына қол қойылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады Наурызбай қажы Тағанұлының жазбасына сілтеме жасап.

ҚМДБ төрағасы, Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми іссапарым барысында Жидда қаласында Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрі Тауфиқ ибн Фаузан ар-Рабиа мырзамен ресми кездесу өткізді.

Кездесу барысында Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігі Қазақстан Республикасына 2026 жылғы қажылық маусымына 4000 қажылық орны бөлінгенін ресми түрде хабарлады.

Бұл жаңалық – еліміздің қажылық жүйесін ұйымдастырудағы тұрақты серіктестіктің және екі ел арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықтың айғағы.

Кездесуде біз алдағы үлкен қажылық маусымын жоғары деңгейде өткізу мәселелерін талқыладық. Әсіресе қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызмет сапасын арттыру, орналастыру және көлік жүйесін жетілдіру, сондай-ақ ақпараттық және медициналық қызметті тиімді үйлестіру бағыттары назарда болды.

Кездесу соңында 2026 жылғы үлкен қажылық маусымын ұйымдастыруға қатысты екіжақты келісім құжатына қол қойылды.

Қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы, Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары Руслан Қоспанов, ҚМДБ делегация мүшелері және Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігі өкілдері қатысты.

Сауд Арабиясы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *