Ержүрек журналистің ісі сотқа жетті. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады Сардар Әбдіжақияның жазбасына сілтеме жасап.
Өжеттілігі өзіне жау болды ма әлде оның салмақты сөздері біреулердің намысын оятты ма, әйтеуір «ақша бопсалады»- деп, журналист баурымызды ұстап, ұстау барысының бейнежазбаларын ғаламторда таралуына жол бергендер істі сотқа өткізіпті.
Журналист қауымының көзқарасы маған белгісіз, белгілі болғаны, журналист Арай Есенбекке Қылмыстық Кодексінің 194-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен айып тағылған және судья М.З.Абдрасиловтың өндірісіне қабылданған.
Бұл жазбамда судьяның ісіне араласып, оған қысым жасау емес, әріптесім Арайды елге қаралау да емес. Бұл тек өз пікірімді елмен бөлісу!
Себебі Арайды танитын, бірге араласқан, бірге нан жеген, дос болған адамдары жетерлік. Салмағы бар журналист еді қателеспесем.
Судья М.З. Абдрасиловты қара қылды қақ жаратын судьлардың бірі ретінде танимын. Ал Арай әріптесімді сырттай танығаным болмаса, араласыпта көрмегенмін. Бірақ Арайдың әкесінің қарапайымдылығы мен ел құрметтейтін зейнеткер екенін, әкесінің адал адам ретінде жақсы танып-білемін. Ондай әкенің баласы, қылмыс жасайды дегенге өз басым сенбеймін.
Арайдың ісі бойынша ашық сот талқылауы 16- наурыз күні сағат 15:00 ге белгіленіпті. Қолдау білдіргісі келгендер судьядан, ашық сот отырысына қатысуға рұқсат алатын шығар.
Енді бұл жігіттің тағдыры соттың қолында. Ақталып шығады деген үмітім бар.
Бас кеспек боса да, тіл кеспек жоқ.
Еркектің мойнында қыл арқан шіремегені мен қоянды қамыс өлтірсе, еркекті намыс өлтіреді!
Сардар Әбдіжақия
Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *