Жансақтау бөлімндегі адамды сот залына алып келген. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Кеше сот залынан ес-түссіз жедел жәрдем көлігі мен ауруханаға жеткізілген сотталушы Мұхтар Сыздықовты бүгін сотқа, реанимациядан алып келіпті. Туыстарының айтуынша ол кешеден бері жансақтау бөлімінде болған екен. Бүгін науқас М. Сыздықовтың туыстары мен адвокаты сол жансақтау бөлімінен тіке сот залына алып келді деп дабыл қағуда.

Біздің агенттікке келіп түскен бейнежазбада, үстім қан, қолымды кісенмен қысып тастап маған қинап қысым жасап жатыр деген мазмұнда, М. Сыздықовтың өзі, «реанимацияда өлейін деп жатқан адамды жұлып алып келді»— деп үн қатқан.

Бұл көрініс бүгін Түркістан облысының Кентау қаласында орын алып отыр.

Бұл бейнежазбада сөйлеген М. Сыздықов қант диабетімен есепте тұратын, қандағы қант құрамы төмендеп кетіп есінен танып қалып, сот залынан жедел жәрдем мен аурухана алып кетіп жатқан жағдайлар мұның алдында да тіркелген.

Тергеуге қатыса алмайды деген сот сараптамасының қорытындысына қарамай бұл сотталушыны қай қаладан тасымалдап жүрген және бұл істегі адам тағдыры мен өмірі арасындағы таңғажайыптар біздің «Астарлы ақиқат» ақпаратт агенттігінің келесі жарияланымында бажайланады.

Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *