Screenshot

Түркістан облысы Кентау қаласында 30 жуық азамат сот алдында жауап беруде. Кіші несие ұйымдарынан алдау жолы мен алаяқтық жасап ақшаларын жымқарған болса керек барлығы қаржыға келіп тақалғандардың тағдырлары шешілу үстінде.
2025 жылдың сәуір айында басталған ашық сот отырысына, біздің республикалық «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің өкілдері қатысқан болатын. Алайда соттағы «қызықтармен» қылмыстар туралы тыңдау барысында, негізгі ауруларына алып келуі мүмкін болғандықтан тергеу әрекеттеріне қатыса алмайды деген сот сараптамасындағы кейіпкер, 2 топтағы мүгедектігі бар Мұхтар Сыздықов сотқа қатысып жүр. Сотқа қатысқанына біз журналистер сын айта алмаймыз. Бірақ алаңдайтынымыз, сотталушы М.Сыздықовтың Түркістан облысы Кентау қаласындағы сотқа, арнайы қарауылшы жасақпен Шымкент қаласындағы уақытша ұстау изоляторынан барып келеді.

Біздің білгіміз келетіні, 30 жуық соттаушылардың ішінде науқастығы бар, М. Сыздықов пен қасына 4-5 адамды қосып, Шымкент қаласындағы изолятордан Түркістан облысына барып келіп жүр. Қалғандарының қолдарында кісен салынбаған. Өздері аяқтары мен еркін келіп кетіп жүргін жандар…
Уақытша ұстау изоляторында отырған М. Сыздықовтың мүгедектігінен басқа, инсулинге тәуелді қант диабеті, қан қысымы және тағыда басқа аурулары бар екені расталған. Оның денсаулығы мен өмірінен, оның жауапқа тартып жазалау маңыздырақ болса керек, талып құласа тұрғызып алып изолятордан сот залына сүйреп алып жүр десек еш қате болмас.
2026 жылдың 9 ақпан күні азанда басталған сот аяқталар алдында Мұхтар Сыздықов сот отырысында есінен танып құлады. Орнымыздан тұрайын деп судьяға қарасам, судья бірден ғайып болғандай орнынан тұрып шығып кеткен екен. Жедел жәрдем жетіп келгені мен сотталушы көзін ашқан жоқ. Қарауылшы жасақтың көмегі мен сотталушы жедел жәрдем көлігіне жеткізіліп, жедел ауруханаға жеткізілді.

Кейіннен сұрастырсақ, есін жимай жатқан М.Сыздықовтың қан құрамында қант мөлшері төмендеп кеткеннен соң ауруханаға алып кеткен сотталушыны, қайтадан Шымкенттегі изоляторға алып кетіп қалыпты.

Адамды қасақа өлтіріп, зорлап жатқандарды да мұндай «сүйремесе» керек, сіз қалай ойлайсыз құрметті оқырман?

Бұл сот отырысындағы жағдайлар келесіде міндетті түрде бажайланады. Бірақ қаржы ұйымының құқтарын қорғаймыз деп адамдардың денсаулығы мен өмірін қорлап өлтіріп алмаймызба деген алаңдаушылық әзірге бізді әбігерге салып маза бере емес. Оның себептері болған изолятордағы қайтыс болған адамдармен олардың жағдайы туралы келесіде толықтырамыз
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі
Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *