Полиция департаментіндегі лауазымды тұлға мен кәсіпкер сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағалық етуші судьясы Самидин Темиралиев, ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағында, 367-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен айыпталған Костин Тимур Альбертовичке, ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағында, 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен айыпталған Баянов Бактияр Сабденовичке, Абдалин Куаныш Бауыржанулына, ҚК-нің 371-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгісімен айыпталған Кабылов Канагат Кабыловичке қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауын өз өндірісінде қарап үкім жариялады.
Шымкент қаласы полиция департаментінің қаржы мен қамтамасыз еті басқармасы экс- басшысы Бақтияр Баяновты алаяқтық жасады деп, 6 жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны белгіледі. Оны мен бірге департамент қызметкерлері салғырттық жасады деп, Қанағат Қабыловты 2 жылға шартты түрде жаза және қызметін теріс пайдаланды деп Қуаныш Абдалинге 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ал кәсіпкер, «САТЕЛИТ-А» ЖШС басшысы Костин Тимур Альбертовичке 5 жыл шартты түрде жаза арқалады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сардар Әбдіжақия
Шымкент қаласы