Судья қылмыскер атанды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А. Қарабаевтың шығарған 10 ақпан 2025 жылғы Алтаев Айдар Бауыржанұлы, Джахаев Мурат Ташаевич және Мүсірәлі Жанат Мүсірәліқызына қатысты  үкіміне қарсылық білдірілген  апелляциялық шағым негізінде сот алқасы сот актісін қабылдады.     10 ақпан күні біздің «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі    Сот, судьямен адвокатты алаяқтық жасады деп соттады. -деп жариялаған болатын.

Бірінші сатылы соттың судьясы А. Қарабаев 2025 жылдың 10- ақпан күні:

Экс-судья Жанат Мүсірәліқызы Мүсірәлі ҚК-нің 28-бабы 4-бөлігі, 367- бабының 3-бөлігінің 2-тармағында және Мурат Ташаевич Джахаев пен Айдар Бауыржанұлы Алтаев ҚК-нің 28-бабы 4-бөлігі, 367-бабының 4- бөлігінде қарастырылған қылмыстың құрамы болмауына байланысты кінәсіз деп танылып, ақталғаны мен Жанат Мүсірәліқызы Мүсірәлі ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2- тармағында қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілерімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 (жеті) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

Экс- адвокат Мурат Ташаевич Джахаев ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2- тармағында қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілерімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша адвокаттың қызметімен айналысу құқығынан 7 (жеті) жыл мерзімге айыра отырып, 6 (алты) жыл 8 (сегіз) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді.

Олардың серігі Айдар Бауыржанұлы Алтаев ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2- тармағында қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілерімен кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Шымкент қалалық сотының төрағалық етішу  Б.Дүйсебеков және  судьялар Н.Аманкулова  Д.Сайханов, 2025 жылы 10 ақпанда  судья а. қарабаевтың үкімін өзгеріссіз, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, жәбірленуші Г.Хайдарова, сотталғандар А.Б.Алтаев, М.Т.Джахаев және Ж.М.Мүсірәлі, адвокаттар М.Амирбеков, Н.Кульбаев, К.Муратов, Б.Бейсембайұлы, Ж.Бабакулованың апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын. Қаулы жарияланған күні заңды күшіне енеді және наразы жақ қаулы жария етілген күннен бастап сотталғанның жағдайын нашарлату себептері бойынша бір жыл ішінде, ал басқа негіздермен мерзімі шектеусіз кассациялық шағым, наразылық беруге құқылы деп қаулы қабылдады. 

Сардар Әбдіжақия  Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *