2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданды №2 аудандық сотында журналист, «Сарыағаш-Әділет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қоғам белсендісі Амангелді Батырбековке, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 411-бабының 3-бөлігімен, 419-бабының 3-бөлігімен айып тағылып сотқа берілген.
2017 жылы 19- қаңтар күні аталған қылмыстық істегі сот отырысына төрағалық етуші судья Н.Ешпанов, Амангелді Батырбековты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 411-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабының 3-бөлігімен тағылған айып бойынша кінәсіз деп танылсын, оның іс-әрекетінде қылмыстың құрамы болмағандықтан ақтаған болатын.
Түркістан облысы, Келес аудандық сотының судьясы М.Ботабеков, 2024 жылдың 6- қараша күні, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің
(бұдан әрі-ҚПК) 499-бабының 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес, осы Кодекстiң 502-бабында көзделген тәртiппен тексеру немесе тергеп-тексеру арқылы белгіленген және прокурордың өтінішхатында баяндалған, үкiм, қаулы шығару кезiнде сотқа беймәлiм болған, өздігінен немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бiрге сотталушы адамның кінәсіздігі туралы
немесе оның ауырлық дәрежесi жөнiнен өзi сотталғаннан гөрi өзге қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы не ақталған адамның немесе өзiне қатысты iс тоқтатылған адамның кінәлілігін айғақтайтын өзге де мән-жайлар іс жүргiзудi жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастаудың негiздерi мыналар болып табылатынын басты негізге алып, А.Батырбековке қатысты қылмыстық іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша бойынша іс жүргізуді қозғау туралы Түркістан облысының прокуратурасының өтініш хаты қанағаттандырлған.
2025 жылы 18- ақпан күні белгілі журналист- заңгер, «Сарыағаш-Әділет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангелді Батырбековке қатысты, Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі сотында, А.Батырбековтың арызы негізінде, жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты берілген арызы бойынша ашық сот отырысы болып өтті.
Түркістан облысы