А Ш Ы Қ   Х А Т !           

(Адам қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың отбасына араша)

                 ҚҰРМЕТТІ ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ!

 

Алматы облысында ағымдағы жылдың 4- қазан күні 16 жастағы Шерзат Болат есімді жасөспірім кісі қолынан қаза тауып, бүгінгі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жығылғанға жұдырық сынды, 12- қазан күні аза тұтып отрған Шерзат Болаттың тұрғылықты, жаназасы оқылып,мәйіті шығарылған үйі өртеніп кетті.

Мұндай ауыр һәлде қалған Шерзат Болаттың отбасы, ешкімнен көмек алмай, берілетін баспаналардан бас тартып, өздерінің туыстарының үйінде өмір сүріп келе жатқанда, 9- желтоқсан күні марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубайдың інісі Нұрққанат Ғайыпбаев қайтыс болды. Оның өлімін полицейлер өзіне қол жұмсады деген алдына ала тұжырым жасады.

Бір баласынан, бір баурынан айырылып қабырғасы қайысқан Қаржаубай Нұрымов, інісі марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевты жерлеп кележатқанда, өлгеннің үстіне тепкендей, Алматы облысы полициясы тарапынан қамауға алынып, оған әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік соттың шешімімен, қазадан қан жұтқан Шерзаттың әкесі Қаржаубай бұзақылық бабы бойынша 15 тәулікке қамалғаны, Қаржаубайдың қарындасы Бақыт та 15 күнге жабылып, оған митинге шақырды деген айып тағылғаны жарияланды. Сондай-ақ ол ел азаматы болмауына байланысты Қазақстаннан депортацияланады- деп адвокаттары мәлімет тартқаны БАҚ беттерінде жарияланып отыр.

Құрметті мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев!

17- қыркүйек күні Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылауға арналған төртінші отырысында;

— Қоғамдық пікірге қозғау салған отандастар мәселесін қолдан саясаттандыруға болмайды. Шетелдегі қандастарымызды («оралман» деген сөзге мен қарсымын) Атамекенге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандас­тары­мыздың басын туған жерде біріктіру – біздің парызымыз, — деген болатынсыз.

Қазадан қайғырып отырған отбасыға араша түсіп, оларды депортациялауға жол бермеуіңізді, аталған істі өз бақылауыңызға алып, қамауға алынған марқұмның жақындарын қамаудан босатып, қаза тапқандарды жоқтап аза тұтыуына мүмкіндік беруіңізді сұранамын.

Әлеуметтік желіде орын алған оқиғалар бойынша, ауыр қазалармен қайғылы оқиғаға дұшар болған Шерзат Болаттың отбасына араша боламын деп халық дүрлігіп жатыр. Барлығымыздың мүддеміз біреу- ол әділ тергеудің жүргізілуі!

Баласынан айырылып, үйі өртеніп, бауырынан айырылған Шерзат Болаттың отбасына мейірім көзбен қарап оларға көмек беріп, араша түсуіңізді сұранамын.

Сізге деген құрметпен,  «Астарлы ақиқат»  ақпарат  агенттігі басшысы    С. Әбдіжақия

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *