Астанада кұрылыс компаниясының директоры 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін оған ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі мен айып тағылып, бүгін аталған азамат М.-ға қатысты үкім шығарылды.
Құрылыс компаниясының директоры, сотталушы М., Астана қаласындағы ғимараттың қоймасын демонтаждау жұмыстарын жүргізу барысында құрылыс жұмыстарын жүргізуге еңбек қатынастарында жоқ адамдарды тартып, учаскедегі және бригаданың Еңбек кодексінде және биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қағидаларында көзделген талаптарды сақтау қауіпсіздік жағдайын тексермеген.
Шатырдың опырылуы салдарынан абайсызда 2 адам қаза тапқан.
Жасалған қылмыстың мән-жайын және оның ауырлығын, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың болуын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын, сондай-ақ жәбірленуші тараптың пікірін ескере отырып, сот М.-ны ҚК 277-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге биіктікте құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласы