Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Ж.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен (қасақана адам өлтіру) айыпталған азаматқа сот үкім оқыды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Сотталушы Ж. қызғаныштан туындаған жанжалдың салдарынан ағаш орындықтың аяғымен әйелінің басынан және денесінің әр жерінен бірнеше рет соққы жасап, денсаулығына ауыр жарақаттар келтіріп, сол арқылы соңғының өліміне алып келген құқыққа қайшы және қасақана әрекеттер жасаған.
Сот үкімімен сотталушы Ж., ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 60-бабының 1-бөлігінің талабы бойынша, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ішінара қосу арқылы түпкiлiктi 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушыға жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызылорда облысы
сурет шартты