Естеріңізде болса, 3 мауысым күні, Алматы облысы Жамбыл ауданыны тұрғыны АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында, Т. Ж. есімді қарындасымыздың қайтыс болғаны және оның денесін елге алдыра алмай көмек сұрап хабарласқан болатын.

Бұл мәселе бойынша менің басшылығымда біздің «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі,  2024 жылы 3- маусымда Сыртқы істер министрлігіне хабарласып тиісті жұмыстар атқару нәтижесінде,  міне бүгін жерлесіміздің мәйітін елге қайтаратыны туралы ресми мәлімет алып отырмыз.

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында қайтыс болған Қазақстан азаматы туралы сауалыңызды ҚР Сыртқы істер министрлігінің құзыреті шегінде қарастырып, келесіні хабарлаймыз.
Ү.ж. 30 мамырда Қазақстанның Сан-Францискодағы Бас консулдығына ҚР азаматының өмірден озғаны туралы ақпарат келіп түскен сәттен ҚР консулы оның туыстарына хабар беріп, марқұмның денесін елге жеткізу үшін тиісті құжаттарды рәсімдеу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдады.

Қазіргі таңда АҚШ-тың құзырлы органдарынан қажетті құжаттардың әзірленуі күтілуде, марқұмның денесін Қазақстанға қайтару Құрама Штаттардың ішкі заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Осы мәселе ҚР-дың Сан-Францискодағы Бас консулдығының жеке бақылауында және отандасымыздың денесі жақын арада Қазақстанға жіберіледі. ҚР Бас консулдығы қайтыс болған ҚР азаматының туыстарымен тікелей байланыста- деді, ҚР Сыртқы істер министрлігі

Сардар Әбдіжақия

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *