Ақтөбеде бопсалауға күдікті топ ұсталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Бірнеше сағат бойы ұрып-соғып, автокөлігін өздеріне рәсімдеуді талап еткен: Ақтөбеде бопсалауға күдікті топ ұсталды
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына 38 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны өзін бір топ адамның заңсыз ұстап, мүлкін бопсалағаны туралы арызданды.
Алдын ала мәлімет бойынша, бес күдікті жәбірленушінің танысы оның банк картасынан ақша аударған деген сылтаумен өздеріне тиесілі автокөлікті қайта рәсімдеуді және ақша беруді талап еткен.
Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер ер адамды автокөліктің ішінде заңсыз ұстап, бірнеше сағат бойы күш қолданып, өздерінің заңсыз талаптарын орындауға мәжбүрлеген.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерін тарта отырып жүргізген арнайы операция барысында күдіктілердің барлығы анықталып, ұсталды.
Аталған факті бойынша бопсалау дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Ақтөбе облысы
![]()
