Қонақ болсаң, қадіріңді біл. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Қонақжайлық — құрметсіздікке берілген еркіндік емес әрине. Қазақстан — қонақжай ел. Бірақ қонақжайлықтың да өз өлшемі бар. Елге келген әрбір адам оның заңын, халқын және сол мемлекетті құрметтеуге тиіс.

Астана қаласы Полиция департаментінің ресми мәліметінше, шетел азаматшасы Г.К. Қазақстан Республикасының аумағынан кетті. Бұған дейін әлеуметтік желілердегі арандатушылық және әдепсіз сипаттағы пікірлері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сондай-ақ сотпен оның Қазақстанға кіруіне бес жыл мерзімге шектеу қойылған.

Бұл жағдайды ұлтқа немесе мемлекетке қарсы мәселе ретінде қабылдаудың қажеті жоқ. Бір адамның әрекеті — тұтас халықтың бейнесі емес. Қазақстан қонағын сыйлайды. Бірақ Қазақстанды сыйлау да, осы елдің табалдырығын аттаған әр адамның міндеті.
Заң алдындағы талап бәріне бірдей.

Сардар Әбдіжақия

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *