Түнгі клуб тінтуге алынды. Бұлтуралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Түнгі клубта жүргізілген тексеру барысында құқық бұзушылықтар анықталып, тыйым салынған заттар тәркіленді
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында прокуратура органдарының үйлестіруімен полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласындағы ойын-сауық орындарының бірінде жергілікті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында клуб ғимаратында, атап айтқанда ерлер дәретханасында есірткі заттарына ұқсас үш орама анықталып, тәркіленді.
Сонымен қатар, тексеру кезінде металл кастет пен екі жиналмалы пышақ табылып, тәркіленді.
Бар сөресінің маңынан полиция қызметкерлері төрт кальян анықтады. Бұдан бөлек, іс-шара өткізіліп жатқан уақытта клубта 2009 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірімнің болғаны анықталды. Бұл кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына қатысты заңнамада белгіленген талаптарды бұзу болып табылады.
Анықталған фактілер бойынша ойын-сауық орнының әкімшілігіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабы — кәмелетке толмаған адамның түнгі уақытта ойын-сауық орнында болуына жол бергені үшін, 441-бабының 1-бөлігі — темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін, сондай-ақ 200-бабының 1-бөлігі — алкоголь өнімдерін өткізу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, тексеру барысында клубтың күзетшілері тиісті еңбек шарттарын жасаспай жұмыс істегені анықталды.
Ақтөбе облысы
![]()
