Киелі Түркістан өңірінде жұмыс сапарымен жүрген Агенттік өкілі Ильдар Үйсімбаев Полиция департаментінің жанынан ашылған азаматтарды қабылдауға арналған халықтық кеңсе (фронт-офис) жұмысымен танысты.
Жалпы халықтық кеңсе аптаның дүйсенбісі мен жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс жасайды. 
Мұнда тұрғындар 5-10 минут ішінде полиция қызметіне қатысты сұрақтарына тиісті жауаптарын алуына және көліктерге қатысты айыппұлдарды да көруге мүмкіндіктері бар. 
Полиция департаменті қызметкерлерінің айтуынша, фронт-офистің ашылуы азаматтардан келіп түсетін өтініштердің қаралу мерзімін қысқартып, полиция жұмысының ашықтығын және сұрақтардың жедел шешілуін қамтамасыз ететін болады. 
Жұмыстармен жіті танысып шыққан Агенттік өкілі, осындай кеңсенің ашылуы халыққа тигізер пайдасы орасан екенін және сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне өзіндік септігін тигізетінін жеткізді.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *