2019 жылдың 17 қыркүйегінде Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үш қылмыстық іс бойынша төменгі соттардың ақтау үкімдерін күшінде қалдырды.

Р.Беляковтың ісі бойынша.
Бұрын екі рет сотталған Руслан Беляков азамат С.-ға қатысты күш қолданып тонау жасағаны, билік өкіліне күш қолданғаны және оны қорлағаны үшін кінәлі деп танылған. Оның іс-әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануы танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Беляков алкогольдік масаң күйде жанжал кезінде С.-ны ұрған және оның құжаттары мен ақшасы салынған әмиянын ұрлаған. Беляков ұсталған кезде агрессивті мінез көрсетіп, балағат сөздер айтып, полиция қызметкеріне қол жұмсаған.
Апелляция сот үкімін өзгертті. Тонау және билік өкілін қорлау эпизодтары бойынша іс тоқтатылып, бір жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Кассация сот актісінің ақтау бөлігін өзгеріссіз қалдырды.
Билік өкіліне қатысты күш қолдану ауырлығы орташа қылмыс санатына жататындықтан Беляковтің іс-әрекетіндегі қылмыстың қауіпті қайталануы жоққа шығарылды. Тиісінше Беляковтің жазасын өтеу орны төтенше қауіпсіз мекемеден қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге өзгертілді.

Н.Ниязқұловтың ісі бойынша.
Нұрғали Ниязқұлов ҚК-нің 361-бабының 1-бөлігі бойынша кінәсіз деп танылып, оның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталған. Сот оның қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылуына байланысты келтірілген зиянды өтеп алу құқығын таныған. Апелляция соттың ақтау үкімін өзгеріссіз қалдырған.
Ниязқұлов орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің бастығы бола тұра, жалған құқық бұзушыны ресімдеп, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған. Оған екі негіз бойынша айып тағылды: Ниязқұлов жалған құқық бұзушыны өтірік ұстау туралы алдын ала хабардар болған және оның мылтығы бар екенін білген. Бұл дәлелдер сотта куәгерлердің айғақтарымен жоққа шығарылды. Ниязқұлов құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға бастығының нұсқауына сәйкес қол қойғаны да ескерілді. Ниязқұловтың өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны туралы өзге дәлелдемелер сотқа ұсынылмаған.
Жоғарғы Сот аталған сот актілерін күшінде қалдырды.

А. Жалаловтың ісі бойынша.
Аян Жалалов өзгелерге күш қолдана отырып бұзақылық жасағаны және абайсызда кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Апелляция айыптау үкімінің күшін жойып, Жалаловтың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты оны ақтаған.
Жоғарғы Сот апелляциялық сатының қаулысын өзгеріссіз қалдырды.
Жалалов кафеде демалып отырған адамдардың тыныштығын бұзған азамат Ю.-дің әрекеттерін және өзіне қатысты әдепсіз сөздер мен қорлауды тоқтату мақсатында оның бетінен ұрған. Бұл сотталушының, куәгерлердің сотта берген жауаптарымен және бейнебақылау камераларынан алынған жазбалармен расталды.
Сараптамаларға сәйкес, Жалаловтың әрекеті мен азамат Ю.-дің өлімі арасында себеп-салдарлық байланыс жоқ, себебі азамат Ю.-дің өлімі соққыдан емес, дәмханадан шығып бара жатқан кезде көктайғақ жағдайда құлау салдарынан орын алған.

Айдос Садуақасов

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *