Ағымдағы жылғы 13 наурызда Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е. К. Бөлекпаев пен ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі И. Д. Күлшімбаев Шет ауданының гидротехникалық құрылыстары мен су тасқыны қаупі бар аумақтарын аралап шықты.

Ұшу барысында Шет ауданының аумағы арқылы өтетін Шерубай-Нұра өзенінің арнасына және Жаман-Сарысу өзеніне аэровизуалды тексеру, Қызылқой ауылының салынған қорғаныс бөгетін тексеру, сондай-ақ Таңатбай бөгетін тексеру жүргізілді. Сонымен қатар Шет ауданының Ағадыр кентінде алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары тексерілді.

Шет ауданының аумағында қар қорын аэровизуалды тексеру жүргізілді.

Шет ауданы әкімдігінің басшылығымен 2020 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Шет ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу және болдырмау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Ауылдық округтер мен кенттердің әкімдерімен алдын ала инертті материалдар дайындалды және елді мекендерден қар шығару бойынша жұмыстар уақытында жүргізілуде. 13 елді мекенде халықты хабарландыру жүйесі орнатылған.

Басшылық елді мекендердің ішінде арықтар мен суағар құбырларды қардан тазарту, сондай-ақ автомобиль жолдарында су өткізу сақиналарын орнату және тазалау жұмыстарымен танысты.

Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде Шет ауданында су тасқыны кезеңінде қауіп төндіретін 22 елді мекенде рейдтер өткізілді.

Қарағанды облысында су тасқыны қаупі бар елді мекендерге шығу ұйымдастырылды. 115 рейд өткізілді, тұрғындарға 12670 жадынама берілді. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері қалалар мен аудандар әкімдіктерімен бірлесе отырып, су тасқыны құбылыстарына ұшырайтын аумақтарда тұратын 14330 адамды қамти отырып, халықпен 153 жиын өткізді.

Ұшу қорытындысы бойынша Қарағанды облысы әкімінің орынбасары елді мекендерден қарды тазалау және шығару, су өткізу сақиналарын тазалау, Ағадыр кентінің теміржол вокзалы аумағын су басуға жол бермеу бойынша іс-шараларды жүргізу бойынша нақты тапсырмалар қойды. Барлық іс-шараларды ағымдағы жылдың 20 наурызына дейін аяқтау тапсырылды.

Су тасқыны қаупі бар аумақтарды аралау және айналып өту жұмыстары жалғасуда.

Қарағанды облысы ТЖД

Азаматтық қорғаныс басқармасы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *