Елорда дәріханаларына 100 мың медициналық маска әкелінеді. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Искаов айтты.

«Шымкентте өндірілген медициналық маскалардың алғашқы партиясы қала дәріханаларында бүгін болады. Масканы жедел респираторлы вирустық инфекциялар (ЖРВИ) ауруының белгілері бар адамдар ғана кию керек. Ең қарапайым әрі ең тиімді қорғаныс тәсілдері-қол жуу мен жеке гигиенаны сақтау»,- деді Зекен Исаков.

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова жеке гигиена шараларына мұқият көңіл бөлу қажет екенін айтты. Қолды жиі жуып, жөтел кезінде этикет ережелерін сақтап, антисептиктерді пайдалу керек. Қол беріп амандасудан бас тарту қажет. Сонымен қатар ол үйде күн сайын ылғалды тазалау жүргізіп, желдетіп тұру маңыздылығын айтты.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *