
Бүгін, 07.05.2020 ж. күні Маңғыстау облысынан Түркістан облысына гуманитарлық көмектің алғашқы легі жөнелтілді.Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Мақтаарал ауданына ең шалғай өңір Жаңаөзен қаласынан 7 газель, жалпылай есептегенде 7,5 тонна жүк жолға шықты. Жақын арада Ақтау қаласынан екінші гуманитарлық жүк жіберілетін болады.
Қиын кезде атсалысып жатқан барша маңғыстаулықтарға алғысымызды білдіреміз!
Маңғыстау облысы
![]()
