Өздеріңізге мәлім, коронавирустың таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланды.
Пандемия адамзат баласына ауыр сынақтар әкелді.
Мыңдаған адам ауруханада өмір мен өлім арпалысын бастан кешуде.
Азаматтардың бір бөлігі жұмысынан айырылса, енді бірі бизнесін тоқтатуға мәжбүр.
Салдарынан мыңдаған адам қарызға белшесінен батып, қызметкерлерінің еңбегі мен жалдау ақысын төлей алмауда. Кредит, ипотека төлеу бас қайғыға айналуда.
Егер бұл жағдай жалғаса берсе, экономика терең дағдарысқа түсуі мүмкін.
Осы орайда, контрагентке қарсы талап арыз дегенді қалай түсінесіз?
Мұндай даулар:
жауапкерлердің есеп-шоттарын бұғаттауға,
айналымдағы қаражатынан айыруға,
жалақы төлей алмауға әкеліп соғуы мүмкін.
Ал, мұның соңы қоғамда тағы да жұмыссыздық, несие төлей алмау, ажырасу секілді әлеуметтік шиеленістерге ұласуы ғажап емес.
Қоғамда орын алып жатқан осы жағдайлар сот практикасына қатысты көптеген сұрақтардың басын ашып берді. Осы мәселеге заңгерлер де алаңдаушылық білдіріп, хаттарын жолдады.
Осыған орай Жоғарғы Сот судьялары қызу пікір алмасты. Олар айтысты, тартысты, соңында бір шешімге келді. Нәтижесінде, арнайы ТҮСІНДІРМЕ әзірлеп, қабылданды.
Түсіндірмеден көпшілік іздеген сұрақтарына жауап таба алады. Өйткені, мұндай сұрақтарға заңда нақты жауап жоқ.
Түсіндірме экономиканы сауықтыруға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, қоғамдық келісімді сақтауға септігін тигізеді деп сенеміз.
Назарларыңызға осы Түсіндірменің толық нұсқасын ұсынамын. Осы құжат көптеген түйткілді мәселені шешіп, қоғамға пайдасын тигізсе, мақсатымыздың орындалғаны!
Айдос Садуақасов
Түсіндірмемен танысу 9 парақта









![]()
