Қазақ елінің басына бұлт келіп, мынау аты жаман індетпен күресіп, халық үйінде қамалып отырған жағдайда, Мақтаарал ауданындағы оқыс оқиға халыққа да, билікке де ауыр соққы болып отыр. Алайда Президентіміз төтенше жағдай жариялаған кезеңде, төтенше жағдайды бұзған қарапайым халықты аяп жатқан заң көрмедім. Қатаң тәртіп сақталып келеді. Алайда әкімдер мен билік басында қызмет етушілерге қатаң тәртіп, әділ заң қайда Өмірзақ Естайұлы? Күні кеше әлеуметтік желілерді, Шардара ауданы әкімінің моншада отырған бейнежазбасы жарияланып, әлеуметтік желі қолданушыларының арасында кеңінен қызу талқыға түсті. Ал Шардара ауданы әкімі Кайрат Жолдыбай, «сотқа беруге мәжбүрмін»- деп пікір жазумен әлек.

Ол аздай, аталған 15 сәуір күні, Айгүл Орынбектің парақшасында жарияланған «Төтенше режимді бұзған әкімді қамамайды, ал белсенді Руслан Жанпейсовты 35 күнге қамайды!
Әділдік қайда?»-атты ақпарат жарық көреді. https://www.facebook.com/photo.php?fbid=2629524207323590&set=a.1381809325428424&type=3

сурет Айгүл орынбектің фейсбук парақшасынан алынды

Аталған, «Төтенше режимді бұзған әкімді қамамайды, ал белсенді Руслан Жанпейсовты 35 күнге қамайды!
Әділдік қайда?» мақалаға, Құрметті Айгүл Орынбек!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» №285 жарлығының талаптарын бұзып кейбір кемшіліктерге жол беретін азаматтар мен азаматшалар аз емес.
Бүгінгі күні елімізде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Түркістан қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Қызмет) Шардара қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші -қызметкері 2020 жылғы 9 сәуір күні сағат 18:40 шамасында Түркістан облысы Шардара ауданындағы Екінші шағын ауданындағы тоғайда өзінің теріс іс-әрекетімен бүкіл халыққа танылғаны Біз үшін үлкен Ұят!
Атап айтқанда, жаңадан құрылып жатқан Түркістан облысының дамуына қатысты, облысқа ерекше мәртебе беру кезінде қызметкеріміз шалыс басып, құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасады.
Орын алған келеңсіз жағдайды толық, жан-жақты анықтау үшін қызметтік тергеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Шардара ауданының өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші- қызметкеріне «Қызметіне толық сәйкес емес туралы» тәртіптік жазасы және өрт сөндіру бөлімінің бастығына «Қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы қолданылды.
Қазақстан халқының азаматтарының қате кемшіліктерін ескеріп, қыстау қиын заманда жанашырлық білдіргеніңізге Алғыс айтамыз!
Түркістан облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің
баспасөз-хатшысы- деп жауап жазылған.

Бұл жағдай расталса керек, аудан әкімдігі тарпынан да төмендегідей жауап жазылған:

Шардара ауданы, Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Н.Нұрсейтов, Қазақстан Республикасының Әдеп кодекісінің талаптарын бұзғаны үшін, жауапкершілігін қарау Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолданылады.
Бұған қоса, прокуратураның ұсынысы бойынша Б.Базаровқа төтенше жағдай кезінде туылған күн кешін өткізгені үшін Шардара аудандық сотының қаулысымен 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерінде жарияланып жатқан бейнежазбадан жүктеп алып, басшылық буынға үндеу жасау жауаптылықты талап етіп, әкімнің ар-намысына нұқсан келгені қызық болып тұрғаны. Себебі, оқиға орнына шақырылған полицейлер түсірген видео болмаса, әкім отырған моншаға еш қайсы жүрналист немесе қоғам белсендісі барып түсіріп таратпағаны айдай анық!

сурет бейнежазбадан қиылып алынған

Аталған жағдайға байланысты Сардар Әбдіжақияның фейсбуктағы жеке парақшасына, Түркістан облысы, Шардара ауданы әкімдігі парақшасынан жеке , жолданға мәлімдеме жарияланады:

ПРЕСС-РЕЛИЗ 2020 жылдың 7 мамырында Айгүл Орынбектің әлеуметтік желіге салған «Заң бәріне бірдей емес пе?» атты материалдың ресми мәлімдемесі мынадай: Бұл жерде 2020 жылдың 15 сәуірі күні жұмыс уақытынан тыс кезде моншаға түсу оқиғасы орын алған. Алайда, Түркістан облысының бас санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановтың 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 13 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының аудан және қалаларының аумағында 2020 жылдың 18 сәуірі күні сағат 00.00-ден бастап карантин режимі енгізілген. Сонымен қатар, бұл монша қоғамдық монша емес, ақылы қызмет мүлдем атқармаған Роман Досмұрат деген азаматтың жеке басына пайдалануға салынған монша болатын. Ол жерде 3 адамнан артық кісі жиналмаған және де ешқандай алкогольдік ішімдік болмаған. Яғни, төтенше жағдай режимін бұзу фактілері тіркелмеген. Сонымен қатар, ішкі істер қызметкерлерін оқиға орнына «Белгісіз діни ағым өкілдері шоғырланып жатыр» деген жалған ақпарат беріп шақырған. Өйткені, видео түсірілімде тәртіп сақшылары «Сақалтайлар жиналып жатыр деген вызов түсті» — деп өз аузымен айтып тұр. Ал, көліктерге келер болсақ, ол жерде аудан әкімінің қызметтік көлігі болмаған. Сондай-ақ, аудан әкімі ол жерге қызметтік емес, өзінің жекеменшік көлігімен барған. Видео түсірілімдегі KZ 013 EFA 13 нөмірлі автокөлік аталған жекеменшік монша иесі Роман Досмұратқа тиесілі. Ал, KZ 966 BE 13 және KZ 393 BE 13 нөмірлі қызметтік автокөліктердің жұмыс уақытынан тыс кезде моншаға бару фактісі бойынша қызметтік тексеру тағайындалды. Қызметтік тексерудің нәтижесіне сәйкес кінәлі тұлғаларға тиісті шаралар қолданылатын болады.

Сұхбат бергісі келмей жүрген жағалыға, журналист Сардар Әбдіжақия, қашықтан сұхбатқа шақырып, үн қатпаған Шардара ауданы әкіміне әлеуметтік желіде Сұхбат сұрап, сұрақтарын жазып өтінді: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1383556155165217&id=100005325377496

Құрметті Түркістан облысы, ШАРДАРА ауданы әкімдігі!
Сіздердің жекеме ПРЕСС-РЕЛИЗ-деп жолдаған Мәліметтеріңізді алдым. «ПРЕСС-РЕЛИЗ 2020 жылдың 7 мамырында Айгүл Орынбектің әлеуметтік желіге салған «Заң бәріне бірдей емес пе?» атты материалдың ресми мәлімдемесі мынадай: Бұл жерде 2020 жылдың 15 сәуірі күні жұмыс уақытынан тыс кезде моншаға түсу ОҚИҒА орын алған»- депсіздер. Моншаға түсу ОҚИҒА екеніне еш күмән болмаса да керек. СҰРАҚ туындап жатыр. КІМДЕРДІҢ МОНШАҒА ТҮСУ ОҚИҒАСЫ орын алған, неге толықтырып, нақтылап жазбайсыздар?Егер аудан әкімінің моншаға түсу оқиғасы орын алды десеңіздер жұмыстан босатады ма?Егер бейнежазбада аудан әкімі болмаса, аудан әкімі КАЙРАТ ЖОЛДЫБАЙ атынан ашылған мынау https://www.facebook.com/kairat.zholdybai парақшадан видеоны өшірмесең сотқа жүгінуге мәжбүрмін- деп жазып жүрген кім?Тағы да сұрақ: — 2020 жылдың 7 мамырында Айгүл Орынбектің әлеуметтік желіге салған «Заң бәріне бірдей емес пе?» атты материалына жазылған жауаптың маған не қатысы бар?- Моншаға түсу қандай ОҚИҒАҒА жатады?- Моншаға түсу «оқиғасындағы» әкімнің аты неге аталмаған?- Маған сауатты жазуды үйреткісі келген мынау парақшадағы азамат https://www.facebook.com/profile.php?id=100024119700854&comment_id=Y29tbWVudDoyNjQ5MTk0Mzg1MzU2NTcyXzI2NDk1MTc0NjE5OTA5MzE%3Dәкімдік қызметкері ме, болса кім болып жұмыс жасайды?- Бұл аталған бейнежазбаны, шақырту мен келген полицейлер түсіріп таратпаса, қайдан келгенін анықтамай сотқа беруге мәжбүрмін- деп жариялауларыңыз, БАҚ тың жұмысына кедергі келтіру ме?- Бейнедазбада полицейлердің қолдарында телефон, планшеттер болды. Полицейлер таратқаны туралы ақпаратты неге анықтамайсыздар?- Әкімнің ресми сұхбат беруін кеше Кайрат Жолдыбай атынан пікір жазған талқылауда ресми сұхбат беруін сұрап еді, ресми сұхбат берулеріңізді тағыда сұранамын? Құрмет пен «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің бас директоры Сардар Әбдіжақия

Өмірзақ Естайұлы әкімдерді әккісіне алмаса болмас. Әйтепесе бірі сотқа беріп, бірісі монша жағалап жаға ұстатып кетулері мүмкін.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің бас директоры Сардар Әбдіжақия

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1383556155165217&id=100005325377496

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *