9 мамырға қараған түні Қарағанды құтқарушылары Түркістан облысына келді. Олар бірден таңертеңнен бастап авариялық-құтқару жұмыстарына кірісті.
Мақтаарал ауданының Фирдоуси ауылында құтқарушылар мотор сорғыларының көмегімен суды сорып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментнін жедел тобы Түркістан облысына апаттық-құтқару және жедел жұмыстарға көмек көрсету үшін барған. Инженерлік, су соратын және жүзу жабдықтарымен күшейтілген құтқару тобы 7 мамырда Қарағанды қаласынан шықты.
Қарағанды облысының ТЖД
![]()
