Сайрам ауданынын ұлттық ат спорт түрін серік еткен көкпаршылар тобы Төлеби ауданындағы су басқан ауылдарға арнап, 350 000 теңгеден аса қаржылай көмек ұйымдастырды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады

Ауданның атқа қонар жігіттері ауызбіршілік танытып, бір түнде қаржылай көмектен бөлек, құрбандық шалуды да қолға алды.

Қазір Сайрам ауданынан көрші аудана барған еріктілер тобы құрбандыққа шалынған жылқы етін жіліктеп, түскі ас ұйымдастыруда.

Сондай-ақ, Төлеби ауданының эвакуацияланған тұрғындарына кешкі ас, ауызашар беруді ниет етіп отыр.

Айта кетейік, бүгін, 2020 жылғы мамырдың 14-ші жұлдызы, еліміздің оңтүстік өңірлерінде толассыз жауын жаууда. Табиғи құбылыс салдарынан таулы аймақтағы ауыл тұрғындарына қиындық туындап, қазір су шайған аумақтарда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *