Құрметті жерлестер, Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен еліміздің Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин келді-деп жазады, Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов


Алтай ауданындағы заманауи стандарттарға сай жабдықталған ауданаралық аурухана жұмысымен танысты. Еуропаның жетекші клиникаларында оқытудан және тағылымдамадан өткен мамандармен кездесті.



Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген аудан кәсіпкерлерімен жүздесті. Олар өз кезегінде көктемгі егіс науқанының барысын баяндап берді. Жалпы аудан бойынша биыл 35,5 мың гектар дәнді, 28,2 мың гектар майлы дақылдар егу межеге алынған.



Премьер-Министр облыс үшін аса маңызды нысан – Тұрғысын СЭС да болды. Құрылыс барысын бағамдады. Жалпы, бұл жобаны осы жылы іске қосу жоспарланып отыр. Айта кетейін, мұнда сумен күш беретін үш жабдық бар, оның екеуінің қуаты 11,5 МВт құрайды.

Даниал Ахметов

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *