Шымкент қаласындағы колледждер оқу жылын аяқтау кезінде аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі туралы бүгін брифинг болып өтты.

Брифинг барысы

Шымкент қаласы, білім басқармасы басшысы Жанат Арысбекқызы, 2019-2020 оқу жылында 9021 студент бітіретінін және аттестаттауды өткізу кезіндегі тәртіп пен, заңдылықтарды баяндады.

Аралық аттестаттауды өткізу кезінде төмендегі тәсілдер қолданылады:

— автоматтандырылған жүйелерді қолдана отырып тестілеуді өткізу (Рlatonus, CollegeSmartNation);

— жеке жобаларды орындау (on-line, оff-line);

— практикалық, шығармашылық тапсырмаларды орындау (on-line, оff-line);

— on-line режимде емтихан тапсыру. Тест тапсырмалары, емтихан сұрақтары, практикалық және шығармашылық тапсырмалар колледждермен жасалып қашықтан оқыту порталында көпшілікке жария түрде орналастырылады.

Қорытынды аттестаттауды өткізу кезінде төмендегі тәсілдер қолданылады:

1. Дипломдық жобаны қорғау (орта буын, техникалық мамандықтары бойынша)

— Дипломдық жобаны қорғаудың басталуына 1 сағат қалғанда бітірушілер мен комиссия мүшелері видеосессияға қосылады;

— Бір бітірушінің баяндамасына 15 минут беріледі (қорғауға, баяндама жасауға, сұрақ-жауапқа);

— Бітіруші дипломдық жобаны электронды түрде дайындап, «демонстрация экрана» режимінде қорғайды;

— Қорғау аяқталғаннан кейін дипломдық жоба жетекшісі мен рецензенттің қорытындысы баяндалады.

2. Қорытынды емтиханды тапсыру (жұмысшы мамандықтары бойынша)

— Бітіруші емтихан тапсырар алдында веб-камера алдына жеке куәлігін көрсетеді;

— Техникалық хатшы «демонстрация экрана» режимінде бітірушіге билет нөмірін таңдауға мүмкіндік береді;

— Емтихан ерекшелігіне және басқа да шарттарға байланысты уақыт ішінде бітіруші сұрақтарға дайындалады;

— Бітіруші қойылған сұрақтарға жауап беруге дайын болған кезде, жауап парағын экранға қаратып көрсетеді, ал техникалық хатшы экран скришотын жасап, сақтап қояды. Бітіруші сұрақтарға ауызша жауап береді (бейнежазба жүргізіледі).

Мектепке дейінгі білім беру 2020 жылғы 23 наурыздағы «Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Шымкент қалалық өңірлік комиссиясы» отырысының №3 Хаттамасына және Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 2020 жылы 24 наурыздағы «Санитариялық індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» №5 қаулысына сәйкес 26 наурыздан бастап қаладағы барлық мектепке дейінгі ұйымдардың (меншік нысанына қарамастан) жұмысы тоқтатылған. Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 2020 жылы 10 мамырдағы «Шымкент қаласының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» №17 қаулысына сәйкес қала аумағында 2020 жылдың 25 мамырына дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды. Ағымдағы жылдың 18-20 мамыр аралығында коронавирустық инфекциясының 485 оқиғасының тіркелуіне байланысты Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешіміне сәйкес карантин мерзімі ұзартылуы мүмкін деп күтілуде. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының 2020 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның туындауына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмасына және Шымкент қаласы әкімі, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Шымкент қалалық өңірлік комиссиясының 2020 жылғы 25 наурыздағы №4 хаттамасына сәйкес Шымкент қаласындағы бала-бақшалар қызметінің уақытша тоқтатылған мерзімінде, меншік түріне қарамастан, барлық бала-бақша қызметкерлерінің жалақылары толық көлемде төленуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тарапынан карантин кезінде мектепке дейінгі және арнайы білім беру ұйымдарының қызметін кезеңмен бастау бойынша «Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын қайта бастау тәртібі» әдістемелік ұсынымы әзірленген. Қаладағы жалпы 529 мектепке дейінгі ұйымдарда 13829 қызметкерлер жұмыс жасайды, оның 9518-ы педагогтар. Бүгінгі таңда 4676 педагог (2957 техникалық қызметкерлер) ақылы еңбек демалысында, 4748 педагог қашықтықтан жұмыс жасауда (2821 техникалық қызметкер), сонымен қатар, 94 педагог бала күтімі бойынша демалыста.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі, Шымкент

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *