Арыс қаласында жылқылар қырылып жатқан көрінеді. «Арыс жаңалықтары» атты ютуб каналында жарияланған https://www.youtube.com/watch?v=8jzaQGUcuCM&feature=youtu.be&fbclid=IwAR2oi7tA3lODl74luRTHC87Xy7zfY2tcu90YBSCkP8lCXGORTkrz4f3FPps жаңалықтардың бірінде, «Монтайтастағы түсініксіз жағдай»- деп таралған бір бейнежазба адамды шошытатын сияқты. Бір қаншама мал өліктері шашылып жатқан көрініске, әкімдік жауап беруге асығар емес. Түгел өліп болғансоң жазармыз жауабын- деп отырғанға ұқсайды.
Естеріңізде болса, Арыс қаласының ветеринариялық қызметі» КМК-сі, 2018 жылдың 27 ақпанында, «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігін, «жалған ақпарат таратты»- деп сотқа берген болатын. Қожатоғайдағы шашылып жатқан, малға арналған вакциналар туралы жазғанымызды жоққа шығарғысы келіп, намысын сот пен қорғағысы келген болар бәлкім?
Алайда, «Арыс қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Арыс қаласының ветеринанариялық қызметі» комуналдық мемлекеттік кәсіпорыны, соттың бірінші сатысында да, екінші рет аппелияциялық шағымында да жеңіліс тауып тоқтаған еді. (жалғасы бар)

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Думан Нұртаза, Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *