Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің офицері ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы портал «Ак Жайык» хабарлады.
«АЖ»-ға белгілі болғандай, 30 маусымда Атырауда 21 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген күдікпен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің офицері ұсталды.
Ұстау операциясын Астанадан Атырауға арнайы келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері жүзеге асырды.
Алдын ала берілген мәлімет бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел басқарма қызметкері Павлодардағы бір компанияның басшысынан оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 21 миллион теңге талап еткен.
Қазіргі уақытта 366-баптың 4-тармағы (Аса ірі мөлшерде пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, офицер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын алу мәселесі шешілуде.
Атырау облысы
![]()
