2021 жылғы 22 қарашада Анатол мен Габриель Стати Бельгиядағы Ұлттық қордың 530 миллион АҚШ доллары сомасына тең активтеріне салынған тыйымның күшін жою керек екендігін мойындады. Бұл Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Ұлттық Банкіне қарсы Бельгиядағы процесте Статидің ешқандай перспективасы жоқ екендігінің белгісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жариялады.
Статимен салынған тыйымның алынуы Брюссель Апелляциялық сотының 2021 жылғы 16 қарашадағы шешімінің тікелей нәтижесі болып табылады. Бұл шешім Статидің ірі көлемдегі алаяқтық схемаға қатысы бар және ол тек төрелік сотты ғана емес, сонымен қатар, төрелік шешімнің күшін жою жөніндегі процесс кезінде Швеция соттарын да жаңылыстырғанын анықтады.
Стати Бельгиядағы сот талқылауын 2017 жылдың соңында қозғады. Бұл 2018 жылғы мамырда Bank of New York Mellon сақтауындағы Ұлттық қорға тиесілі 530 миллион АҚШ долларына тыйым салынуына әкеп соқты.
Бельгиядағы іс жүргізу келесі үш процесті қамтиды: (і) төрелік шешімді тану және орындау бойынша іс жүргізу, (іі) уақытша тыйым салу бойынша іс жүргізу және (ііі) активтерге уақытша тыйым салуды атқарушылық іс жүргізуге ауыстыру. Осы процестер Брюссельдің Апелляциялық сотымен Стати ұйымдастырған ірі көлемді алаяқтық нәтижесінде алынған төрелік шешімге негізделген.
Бүгінгі жаңалықтарды Әділет министрі Марат Бекетаев келесідей түсіндірді:
«Бельгиядағы 530 миллион АҚШ долларына тыйым салудан Статидің өз еркімен бас тартуы — олардың ірі көлемдегі алаяқтық әрекеттерінің салдарының бірі ғана. Стати мен олардың сыбайластарының, оның ішінде Дэниел Чапман мен оның Аргентем Крик компанияларының алаяқтығынан заңның үстемдігін қорғау жолында Әділет министрлігі қол жетімді барлық құралдарды қолданатын болады. Бұл құқықтық қорғау құралдары Республикаға қарсы Статимен жалған және заңсыз қудалау науқанын жүргізіп жатқан Бельгияда және басқа да юрисдикцияларда бар».

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?