Бүгін, 8- қаңтар күні мемлекет басшысы емлекет басшысы шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының отырысы өтті. Жиын барысында Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Ішкі істер, Қорғаныс министрлерінің міндетін атқарушы тұлғалар баяндама жасады.

Сонымен қатар ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгерлік күштері бөлімшелерінің Нұр-Сұлтан қаласында қорғау функциясын атқаруы қазақстандық құқық қорғау органдары күштерінің бір бөлігін босатып, лаңкестікке қарсы іс-қимылдарға қатысу үшін Алматыға жіберуге мүмкіндік берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі тұрғындардың мүддесі үшін жағдайды тұрақтандыруға тартылған ведомстволардың жүйелі әрі жедел жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды.
Нұр-Сұлтан қаласы
![]()
