Президент Алматы қаласындағы жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына барды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді.

Президент жараланғандардың хал-жағдайларын сұрап, олардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, сондай-ақ дәрігерлермен сөйлесті. Күштік құрылымдардың зардап шеккен барлық қызметкеріне көмек көрсетіледі.
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен азаматтардың бәріне дер кезінде жан-жақты медициналық көмек көрсетілген.
![]()
