ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН, ЖАҢА ФОРМАМЕН!
?ЕЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР, ТАҢ АТЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТІН ЖАҢА ФОРМАМЕН БАСТАЙДЫ.
❌️Мен өз пікірімді бөлісуді жөн санадым. Бұл фома маған мүлдем ұнаған жоқ!
❓️Классика кетті, мәдениет кетпеуіне кім кепіл?

ФОРМАНЫ АУЫСТЫРҒАН МЕН ПОЛИЦИЯ ЖҮЙЕСІ АУЫСАДЫ ДЕГЕНІ ЕМЕС ҚАЙТСЕ ДЕ…
✅️ Форманы емес, полиция жүйесін ауыстырса деп едім…
✅️Спорттық киім кигенше, қарны қабақтай, жүгіре алмай ырсылдап қалатын «семіз» полицейлерін ауыстыру керек еді
✅️Әдемі, классикалық форманы спорттық киімге ауыстырып мемлекеттік орган классикадан алшақтады
✅️Қалаларда полиция пунктері бар терезелері қирап, қабырғалары жарнама лапшаларына толған. Ішінде полиция қызметкері отырмайды. Солардың ақшасын қайта орнына құйып, немесе қалпына келтіріп ел игіліне жарамды ету керек еді…
✅️Сергек камераларының ақшасын мемлекетке құятын ету керек еді.
✅️Кешегі қаңтар оқиғасында мемлекетімізге қанша ма шығын келді. Орнын мемлекет толтырады. Ол аздай өлгеннің үстіне тепкендей болып қымбатшылық, доллар өсіп, теңгенің құнын құрытып алмайық деп, уайымдап жатқанымызда, қаншама мыңдаған полицейлерге форма ауыстырып, қаржы бөлу қазір шартпа еді?
Қанша дегенмен форма тегін келмейдіғой…
✅️Қираған полиция көліктеріне қаржы бөліп, полициялардың біліктілігін арттыру, психологиясымен жұмыс жүргізу және үтік баспайтын, адамдарды (ұсталғандарды) азаптамайтын етіп жүйе өзгеретін реформа болса қарсы болмас едім…
Білемін, мен қарсы болғанмен бәрібір білгендерін жасайтынын. Менің пікіріммен өзгеріп кете салмасы анық!
Форма ауысуының алып келер пайдасы не?
Пікіріңіз болса бөлісіңіз халайық?!
Сардар Әбдіжақия

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?